Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
-3
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

“І-ші орын алар еді”. Ақтық сында Димаштың микрофоны істемей қалды – Қытай сайты

158

Интернет қолданушыларының айтуынша, әнді айтып келе жатып, соңына қарай Димаштың дауысы мүлдем бәсеңдеп кеткен. Жұптық өнер көрсету кезінде тек Димаштың жұбы Шаң Венженің дауысы ғана естілгенін айтады жанкүйерлер.

«Сонымен қатар, тағы бір қытай әншісі Джаң Бичын де ән айтып келе жатып, ортасына келгенде микрофоннан ақау шығып, дауысы мүлдем естілмей қалды. Осылайша, әнші микрофонды жақындатып айтуға тырысты. Интернет қолданушыларының болжамы бойынша, Джаң Бичын сахнаға шығып ән айтып жатқан кезде, микрофоннан ақау шыққанын сезіп, микрофонға жақындау арқылы өзінің дауысын көтермек болған.

Екеуі де айтарлықтай танымал әрі мықты әншілер, сахнада микрофоннан ақау туындағанына қарамастан, олар жақсы өнер көрсете алды.

Соңында Димаш екінші орынға ие болып, Джаң Бичын алтыншы орын алды. Бұл айтарлықтай жақсы нәтиже», – деп жазады Қытай сайты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз