Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
489
-3.25
EUR
530
-2.09
RUB
5.04
-0.03

Хьюстонда Наурыз мейрамын тойлады (фото)

276

 

Саябақта шатырлар тігіліп, ұлттық тағамдар қойылады. Қырғыздар үлкен киіз үй тікті, өзбектер үлкен қазанға палау пісірсе, босниялықтар саябақта қой етін асты. Ал қазақтар манты, бауырсақтар мен Наурыз көже таратты». Оны Маша Хусбек апай әзірлеген. Ол Моңғолияның этникалық қазағы.

 

 

«Моңғолиядағы ауылда Наурызды ұлан-асыр тойлайтынбыз. Міндетті түрде жеті дәмнен көже пісіреміз. Биыл Наурызды қызымыз Ақеркемен қарсы алудамыз. Біз мұнда қонаққа келдік және мұндағылардың қазақ халқының дәстүрлерін ұмытпағанына қуаныштымыз», – деп бөлісті Маша апай.

 

 

Саябақтың сахнасында Хьюстондағы «Шаңырақ» жексенбілік қазақ мектебінің балалары өнер көрсетті. Әсел Өтеулиева ерікті ретінде Хьюстондағы жексенбілік қазақ мектебінің балаларына домбыра үйретеді.

 

«Балалар аккордтарды тез қағып алады. Маған олармен жұмыс істеу оңай. Біздің репертуарымызда танымал қазақстандық туындылар бар. Атап айтқанда, «Еркем-ай», «Қамажай» және тағы басқалар бар», – деді ол.

 

Хьюстонда Наурызды қалай атап өтті Сондай-ақ, концерттік бағдарламаның соңында ондаған қазақстандық «Қара жорға» әніне би билеп, флешмоб ұйымдастырды. Айта кетейік, Хьюстонда екі мың қазақстандық тұрып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз