Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-10
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

“Халықтың шын президенті осындай болуы керек” – саясаттанушы

«Хорватия құрамасы әлем чемпиона бола ма, білмеймін. Бірақ бұл болашақтың әлеуметтік образын өзгертті.

Енді финалда қалай ойнаса да, Хорватия әлемдегі ең үздік футбол державаларының қатарына енді.

Ал Хорватия президенті биліктің қалай халықпен бірге болуы керек екенін барша әлемге көрсетті.

Халықпен етене жақын. Ол халықтан түк те жоғары емес. Шын бірлігі жарасқан ел осындай болуы керек.

Жанында күзет жоқ, еріп жүрген нөкерлері жоқ. Жеке ұшағы да жоқ.

Осылайша олардың бюджеттің қаншама ақшасын үнемдеп отырағын білесіз бе?
https://kaz.365info.kz/byl-ruhani-zhangyru-emes-otirik-aldarkhatu-myrzan-kenzhebaj-323722
Хорватия президенті биліктің образын өзгертуде. Билік осындай болуы тиіс...

Кей Президенттер мен Премьерлер жай ұшақтың эконом-класымен ұшудан өлердей қорқады. Қаптаған күзетшілерімен жүреді, футбол көрсе де арнайы жеке ложеде отырады.

Біздің билікте қалыптасқан дүниенің ешбірі жоқ, Хорватияда.

Әсіресе бізді алыңыз. Президент тұрмақ жаман әкімдерге дейін жанына көмекшілері мен шенді-шекпенділерін ертіп жүреді.

Қазақстанда әлі қаншама нәрсені өзгерту керек?

Ең алдымен әлеуметтік психологияны өзгерту керек, ойымыз бен билігіміздің жүріс-тұрысын өзгерту керек.

Жерге түсу керек. Билік халықтан жоғары емес, билік халықтың құлыХалықпен ойнай бермесін», деп жазыпты саясаттанушы.
https://kaz.365info.kz/astana-kyni-prezident-tojy-biliktin-ideologiyasy-osy-gana-322775

Аян Мырзабек

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз