Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

“Халыққа шындықты айтыңдар!”. Депутаттар Үкіметке бір күн уақыт берді

Әлемдік нарықтағы мұнай бағасы, тұтастай алғанда, бұл бағаларды тұрақтандырды. Бұл біздің зауыттарымыз жұмыс істеп тұрған жағдайда белгілі бір дәрежеде кіріс деңгейін ұстап тұру үшін біздің өндірушілерімізге жеткілікті, алайда тапшылықтың неліктен екенін түсіндіру қиын. Сондықтан Үкімет бұл мәселеге нақты дәлелдер айтуы керек» – дейді – дейді Мәулен Әшімбаев үкімет сағаты отырысының үзілісінде.

Депутат бензиннің неге қымбаттап жатқанына қатысты өз долбарын да айтып өтті.

«Менің ойымша, бұл дұрыс байлам болмауы да мүмкін, бірақ мен ешқандай себеп көріп тұрған жоқпын. Бұл жерде белгілі бір топтардың пайда табу үшін кейбір субъективті себептер, белгілі бір шешімдер, ұстанымдар бар. Сондықтан Үкімет бұл мәселенің осы жағын да қарап-көруі керек деп ойлаймын» – дейді Мәулен Әшімбаев.

Осыдан соң, ол осы сәрсенбіге дейін бұл мәселе шешімін таппаса, депутаттар бұны Үкіметтің қарауына ұсынатынын айтты.

«Менің ойымша, депутаттар осы сәрсенбі күні бұл мәселені көтеретін болады. Бұл – ең өзекті мәселе. Үкімет бұл мәселені осы сәрсенбі күнге дейін біржақты ете алмаса, біз – депутаттар бұл мәселені қозғайтын боламыз» – деді депутат.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күннен бері елімізде бензин тапшылығы басты мәселеге айналып отыр. АИ-92 бензині кейбір өңірлерде 170 теңгеден де сатылды. Ал қазір Алматыда жанар-жағармайдың 1 литрі 154-159 теңге аралығын қамтуда.
https://kaz.365info.kz/mynajly-venesuela-ai-95-benzini-bir-tiyn-tyrady-283962

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз