«Халық банкі» АҚ мен «Қазкоммерцбанк» АҚ арасында сату-сатып алу туралы келісім жасалып жатыр. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев айтты.
«Қазіргі таңда екі банк арасындағы өзара меморандумға сәйкес бірқатар шаралар жүзеге асып жатыр. Атап айтқанда, активтердің сапасын кешенді тексеру (due diligence) жүріп жатыр. Сату, сатып алу туралы келісімшарт және басқа да қажетті құжаттар жасалу үстінде», – деді Д.Ақышев.
Дереккөз: ҚазАқпарат