Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Халық Жер комиссиясы мен облыс әкімінен қамауға алынғандарды босатуға көмектесуді сұрады

Ал енді осындай өзгерістерге себеп болған халықтың әрекеті үшін кейбір азаматтарды қамауға алып, ауыр айып тағып жатыр. Ол дұрыс емес, – дейді Атырау қаласының тұрғындары.

Олар бұқаралық ақпарат құралдарында атыраулықтарды қит етсе, көшеге жүгіретін халық ретінде көрсетумен келіспей отыр. Атыраулықтар Макс Боқаев пен Талғат Аян туралы айтқанда көздеріне жас алды.

Осы мәселені қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан да көтеріп, облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтан тиісті көмек беруді сұрады.

– Осы жер мәселесі алғаш рет көктемде Атырауда көтерілген болатын. Бәрі тәртіпті түрде өтті. Сіз өнегелі әкім ретінде халықтың алдына шықтыңыз. Бәрі мәдениетті түрде өтті деуге болады. Ешқандай фонарь, я болмаса, сәкі бұзылған жоқ.

Бірақ сіздің жаныңызда тұрған екі жігіт – Макс Боқаев пен Талғат Аян бүгінге дейін, өкінішке қарай, түрмеде отыр. Мен кеше кездестім. Өкінішке қарай, айып өте ауыр. 5 жылдан 10 жылға дейін отырғызайын деп жатыр. Енді, митингтер көп қалада болды ғой.

Ал ондай жаза тек осы Атыраудың жігіттеріне ғана қолданылып отыр. Әрине, біз білеміз, ол тек сіздің қолыңызда ғана емес. Дегенмен, шешім қабылдайтын адамдарға сіз айтыңыз, ол дұрыс емес. Олар ешқандай қылмыскер емес, олар – патриот. Әлі де кез келеді. Біз оларға рақмет айтамыз. Сондықтан осы мәселенің шешілуіне атсалысасыз деген үміт бар,- деді Мұхтар Тайжан.

Жиналысқа қатысқан прокуратура өкілдерінің айтуынша, бүгінде тергеу шаралары жүріп жатыр. Тергеу аяқталуға жақын.

«Бұл істердің айқын бағасын сот органдары береді. Сондықтан жер комиссиясының бұл мәселеге араласуға құзыры жоқ. Ол кісілердің өтініштері, адвокат және тағы басқа конституциялық құқықтары қарастырылған. Ол мәселелер бойынша шағым жоқ», – дейді прокуратура мамандары.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз