Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Халықтың зейнетақы жинағы ақшасын жымқырған күдіктілердің аты-жөндері жарияланды

Махамбетовтың келтірген дерегіне сүйенсек, сотқа дейінгі тергеу органындағылар Руслан Ерданаев және басқа да күдіктілерді меншікке қол сұғу бойынша өте өрескел қасақана заңбұзушылыққа барды деп күдікке ілінді. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының, 4-тармағының 2-бөлімі, яғни “Бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін иемдену және жарату” бойынша айып тағылады.

“Сот қаулысы бойынша күдіктілердің жүріс-тұрыстары уақытша шектеліп, 2 айға қамауға алу белгіленген”, – деді Диас Махамбетов.

Төртеуі де сот қаулысына наразылық білдірмек ниетте.

Айта кетелік, 6-қаңтарда Терентьев Ұлттық банктің көрсетуі бойынша сатып алынған құнды қағаздарға қатысты БЖЗҚ үстінен сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатқанын мәлімдеген. Ол осыған қатысты БЖЗҚ басшылығындағылардың ұсталғанын хабарлаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз