Қазақстанда қара халық полицейлерді сыйламайтын болып, тәртіп сақшыларының «авторитеті» қалмапты.
Басқа қала болса бір жөн, мұндай пікірді Астананың өзінде тұратын бір әйел Жергілікті полиция қызметінің халықпен кездесуі кезінде жасырмай айта салыпты, деп жазады орыстілді Kazpravda.kz сайты.
полициядағы бастықтар өзінен төмен қарапайым қызметкерлерді қадірлемейді, сол себепті қатардағы жай полицейлерді қара халық та сыйламай кеткен.
“Егер сіздер өз қызметкерлеріңізді сыйласаңыз, оларды халық та сыйлайтын болар еді.
Қазір өзі полицейлерді ешкім де менсінбейді, олардан ешкім қорықпайды. Кейбіреулер тіпті «мусорлар», «менттер» деп атайды.
Олай етуге болмайды, аузынан осындай сөздер шығатын адамдарға қарсы заңды күшейтіп, соттату керек”, – деп санайды екен.
Сол әйелден кейін сөз алған Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бақытжан Малыбаев азаматтардың полиция қызметкерлеріне деген жанашырлығына қуанатынын айтты. Белсенді полицейлерге әкімдік тарапынан жыл сайын міндетті түрде 13 млн теңге сыйақы бөлінетінін де айтты.
Фото ©Марат Кураков/Kazpravda.kz