Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
-3
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Халыққа криптовалютаны тұтыну ұсынылды

Бұл ұйымдардың өкілдері сатып алған криптовалюталар бойынша жеке тұлға клиенттерге қаржы нарығындағы қолданыстағы мөлшерлемелермен салыстыруға келмейтін, белгілі бір уақыт өткеннен кейін жоғары кірістерді (тым артық пайыздар) уәде етеді. Жоғары сыйақылар айналымдағы ақшаның болуын қамтамасыз ете отырып, қатысушылардың айтарлықтай санын және жаңа клиенттердің ақшалай түсімдерін тарту есебінен төленеді. Ақша айналымы (ағыны) тоқтатылған немесе жетіспеген кезде ағымдағы міндеттемелерді өтеу үшін бұл ұйымдар жабылып, барлық төлемдер тоқтатылады.

«Криптовалюталардың ресми ақша бірлігіне не өзге де нақты активтерге байланысы, сондай-ақ тиісті қамтамасыз етуі және оларға қызмет көрсету операциялары бойынша заң тұрғысынан жауапты субъектілерге қатысы жоқ. Бұдан басқа, криптовалюталардың айналыс процесі орталықтандырылмаған және оны реттеу мүмкіндігі жоқ», деп түсіндіріп өтті Ұлттық банкте.

Бұл ретте осы ұйымдардың пайдасына ақша енгізген қатысушылардың салынған ақшаны қайтаруының құқықтық кепілдіктері жоқ, себебі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бұл ұйымға кіру және жеке тұлғалардың ақша енгізуі ерікті негізде жүзеге асырылады және ол қандай да болмасын құжаттандырылған рәсімдермен бекітілмейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз