Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-3
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Гүлзира Айдарбекова «Қайрат Нұртас фонограммасыз қалай ән айтар екен?» деген адамдарға жауап берді

878
Сурет әлеуметтік желіден алынды

Мәдениет министрінің бұл бастамасы көпшіліктің арасында қызу талқыға түсті. Эстрада жұлдыздарының арасында да қолдау білдірушілер мен қарсы шығушылар болды.

«Жасыратын несі бар? Жанды дауыс деп сұраған жерде жанды дауыспен шығамыз. «Ойбай, Айгүл, аппарат қирап тұр» деген жерде фонограммамен шығуымызға тура келеді. Өйткені ол кезде заң қабылданған жоқ болатын. Ал заң болғаннан кейін, қандай болғанда да жанды дауыста шығуға тура келеді. Бірақ оған техника сай болып жатса, қанеки», – дейді әнші Айгүл Иманбаева.

Қоғам белсенділерінің арасында жаңа заңды екі қолын көтеріп қолдап, «Енді Төреғали Төреәлі, Қайрат Нұртас, Әбдіжаппар Әлқожа сынды той әншілерінің жағдайы не болар екен?» деп мысқылдағандар аз болмады.

Сурет: stan.kz

Бұндай сыншылардың сөзі қатты әсер етсе керек,  Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова  үнсіз қала алмады. Ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазба қалдырып, осындай жазғыштар мен айтқыштардың уайымын сейілтуді жөн көрді.

«Жанды дауыспен айтуға заң шығыпты, енді қайтер екенсіздер дегендерге, тура осылай болады дегім келеді. Бір әнді бастап, оталып алса кез келген тойыңды жандандырып жіберер күші бар екенін білемін. Заң шықпай тұрғанда сол жанды дауыспен өткен тойлар, бұл видеоға 3 ән қатар жазылыпты. Жазғыштар уайымсыз болсыншы» – деп жазды  Айдарбекова.

Қайрат Нұртастың жанкүйерлері оның анасын сабырға шақырды.

«Неге қатты жүйкеңіз тозған? Әр жазған комментке, негативпен жауап бересіз? Посттарынызды біреуге тиiсу сияқты жазылады. Уайымдамаңыз, әлі-ақ той болып, миллардтарды қалтанызга салып, мәз болып, жүресіз»  дейді олар.

Олардың арасында  «Бірінші өлеңнің музыкасын бәсеңдетіп орындап шықты, екіншісі фонограмма енді. Адамдарды ақымақ көресіңдер, білініп тұр. Үшіншісінде тамағы жыртылып кетердей қырылдап шыдай алмай қалды. Айтпаса да түсінікті…», «Көңіліңізге келсе де айтайын, дауысы жоқ, тек ақшаның күшімен жүрген бала» деп жағымсыз пікір білдіргендер болды.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз