Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Грузияның жаңадан сайланған президенті Ресейді адам ұрлаумен айыптады

123

Бұл жөнінде BBC телеарнасына берген сұқбатында мәлімдеді.

Зурабишвили Ресейді Грузия территориясына біртіндеп еніп, “оккупация сызығындағы” азаматтарды ұрлады деп айыптады. Ол мойындалмаған Оңтүстік Осетия республикасымен шекараны осылай атады. Грузия лидері елінің еуропалық бағытты ұстанатынын, Еуропаға қарай бой түзейтінін жеткізді.

Грузия билігі Ресейді Оңтүстік Осетиямен шектесетін аймақта азаматтарды тұтқындап жатыр деп бірнеше мәрте айыптап келген.

Мәскеу болса, бұл аймақты тәуелсіз мемлекет деп мойындап, 4 мың әскерін орналастырған. Ресейден басқа Оңтүстік Осетияны дербес ел деп бес мемлекет мойындаған. Абхазия секілді Оңтүстік Осетия 2008 жылы ресейлік әскердің қатысуымен болған кикілжіңде Грузиядан бөлініп шыққан. Ресей болса, өзінің әрекетін бітімгершілік операциясы деп атаған.

Президент сайлауында Зурабившили қарсыласы Григол Вашадзеден 20 пайыз дауыспен озық болды. Грузия тарихында бірінші рет әйел президент атанған ол сайлаудағы жеңісін “Еуропа жеңісі” деп атады.

Елдің бұрынғы президенті Михаил Саакашвили жақтаған үміткер Вашадзе сайлау қорытындысын мойындамады.

Ол билікті сайлаушыларға қысым жасады, сайлау нәтижесін бұрмалады деп айыптады. Оның сөзінше, “Грузин арманы”жеңіс үшін, қылмыс әлемімен келісімге келген. Оппозициялық үміткердің жақтастары Тбилисиде митингке шықпақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз