Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Грузия Қазақстанға 27,7 миллион доллар қарызын қайтаратын болды

BNews.kz дерегіне сүйенсек, Грузия бұл қарызды Қазақстаннан 1996 жылы 10 жыл мерзімге алған.

– Біз бүгін Грузияның Қазақстанға қарызын өтеу тетіктері туралы уағдаластыққа қол жеткіздік. Ұзақ уақыт бойы бұл мәселе шешімін таппаған еді, біз берешекті өтеу тетігін ұсындық. Қазақстандық тарап та мұны құптады. Енді қазір осыған байланысты мемлекетішілік процедураларды жүргізу қажет. Бұл пайыздық мөлшерлеме мен төлем бойынша келісілген тетік, – деді вице-премьер.

Айта кетсек, Грузияның Қазақстан үкіметі алдындағы қарызы 27 774 000 АҚШ долларын құрайды. 1996 жылғы келісімге сәйкес кредит Грузия үкіметіне 10 жылға беріледі. 2004 жылдың шілдесінен бері сыйақы бойынша төлем уақытша тоқтатылған, ал негізгі борыш мүлде өтелмеген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз