Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Грецияның жергілікті халқы мигранттарды қабылдайтын орталықты өртеп жіберді

222

 

The National Herald басылымының ақпараты бойынша Босқындар ісі жөніндегі БҰҰ Жоғары Комиссарының Басқармасы құрған орталық мигранттарды уақытша орналастыруға арналған.

Жергілікті халық лагердің жабылуын талап етіп, мигранттарға арналған жаңа орталықтың құрлысы үшін жеке меншіктегі жерді тартып алуға қарсы шыққан.  Жергілікті муниципалитет өрт шығарғандарды жазғырып, халықты сабырлыққа шақырды дейді жазбада.

Бұған дейін Грекия үкіметі грек-туркия шекарасына заңсыз келіп жатқан мигранттарға қатысты мәселе алаңдатып отырғанын айтқан еді. Билік бұл жағдай ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп бағалап, тиісті шараларды қолдануға уәде берген.

29 ақпанда Туркия президенті  Реджеп Тайип Эрдоган сириялық босқындарды қабылдау үшін Еуроодақпен шекарасын ашқанын мәлімдеген болатын. Туркияның ІІМ басшысы Сулейман Сойлуның айтуынша Анкара Еуропа елдеріне 100 мыңға жуық босқынды өткізген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз