Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
424
+1.83
EUR
497
+0.08
RUB
5.57
+0.04

Грантта оқитындарға үш жыл мамандығы бойынша жұмыс істеу міндеттелгелі жатыр

Биыл дәрігер немесе мұғалім боламын деп шешіп, грантқа түскен талапкерлер, университетті тәмамдағаннан кейін мамандығы бойынша үш жыл жұмыс істеуі тиіс. Бұл “Білім туралы” заңға енгізілген өзгерістер шеңберінде қабылданып отыр. Тағы бір жылдан соң, 2017 жылдан бастап бұл ереже жоғарғы оқу орындарына бюджет есебінен оқуға түскен барша студент үшін міндетті нормаға айналмақ.

– Мемлекет 2017 жылы грантқа оқуға түсетіндерден болашақта еңбекке араласу деңгейіне байланысты дайындық жұмыстарын жүргізеді. Ішінара мемлекеттік тапсырыстың бөлінуін де қайта қарайды. Гранттар әр аймақтағы еңбек нарығындағы талап бойынша бөлінбек. Осының арқасында университет түлектері жылдам жұмыс орнын таба алады, – дейді ҚР білім және ғылым министрлігі мониторинг, білім несиесі және еңбекке орналасу қаржылық орталығының жетекшісі Мәди Шабаров.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз