Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Граната лақтырды әне…”. Ақтөбеде атыс боп, видеосы желіде жарияланды

Әлеуметтік желіде тараған видео-материалда бір машинаны полиция көлігінің қуып келе жатқандығы, бір мезетте, тапанша дауысының естілгендігі бейнеленген. Сондай-ақ видеоны түсіріп отырған адамдар күдіктінің гранат сияқты күдікті затты лақтырғанын да айтады.

Осы видеоға қатысты түсініктеме берген Алмас Садубаев видео материалда Ақтөбе облыстық ІІД полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасын жасап, бой тасаламақ болған жүргізушіні ұстау сәті бейнеленгенін айтты.

«Құқық бұзушы полиция талабын орындамай, оларға пышақ ала жүгіріп қарсылық танытты және өтіп бара жатқан адамдарға қауіп төндірді.

Полиция қызметкерлері табельдік қару пайдаланып, ауаға ескерту оғын атты.

Нәтижесінде, бұзақы қолға түсті. Азаматтық тұлғалар да, полиция қызметкерлері де зардап шеккен жоқ», – деді ол.

Ресми өкілдің дерегіне қарағанда, ұсталған азаматты медициналық тексеруден өткізу кезінде оның есірткіге елітіп алғаны белгілі болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз