Геннадий Головкиннен туға қолтаңба беруді сұраған Сағида Айтхожина боксшыға бала кезінен жанкүйер екенін айтты.
Бұл туралы Todai.kz хабарлады.
“GGG-ға бала кезімнен жанкүйермін. Бұл – сөзбен жеткізе алмайтын сезім. Анам мен достарым бар, осы баспасөз мәслихатына келу үшін сабақтан қалдық. Алты сағат кезекте тұрдық. Ол жаққа 12:30-дар шамасында келіп едік, олар тек 15:30-да ашылды. Біз бар пәрменімізбен кезекке тұру үшін жүгіріп бардық”, – дейді Сағида Айтхожина.
“Анам билет ала алмасақ та баратынымызды айтты. Бұл ұлы жекпе-жек қой. Оскар де Ла Хойя бұндай жекпе-жектің жақын 20 жылда болмайтынын айтты. Сондықтан Генамызға жанкүйер болуға міндеттіміз. #Генанупожалуйста біздің ұранымызға айналды”, – дейді жанкүйер.
https://kaz.365info.kz/golovkin-ramizge-kholtanba-khaldyruda-bas-tartty-305034
Естеріңізге салайық, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегінің қарсаңында өткен баспасөз мәслихатында GGG-ден туға қолтаңба қалдыруды сұраған Сағида Айтхожина желіні шулатқан еді.
GGG мен “Канело” арасындағы екінші жекпе-жек 5 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.