Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-1
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Головкин өзі туып-өскен ауылға балалар алаңын салып береді

“Біздің Президентіміз рухани жаңғыру туралы “Туған жер” бағдарламасын жариялап, бастамашы болды, – деді аймақ басшысы боксшыға. – Ол кәсіпкерлерді, табысты азаматтарды өз туған жеріне қамқор болуға шақырды. Біреулер мектеп салса, басқа біреулері өзінің өскен ауласын абаттандыра алады. Бұл бастаманы көптеген кәсіпкерлер құптады”. Геннадий Головкин де бұл үрдістен тыс қалмайтынына уәде берді. “Бұл керемет! – деп жауап қайырды ол.

– Мен де қуана бұл бағдарламаға қосыламын. Меніңше, егер мен өзімнің туып өскен ауламда жаңа балалар ойын кешенін орнатсам жақсы болар еді. Президентіміздің бастамасын мен де толықтай құптаймын және қосыламын”.

Айта кетейік, жаңа балалар ойын кешені Майқұдықтың 14-ші ықшамауданында келесі аптада құрылып, қолданысқа беріледі.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз