Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық қарсыласы Ванес Мартиросянды нокаутқа жіберіп, рекордшы атанды, деп хабарлайды Stan.kz.
Аталған жекпе-жектің екінші раундында Головкин қарсыласын нокутқа жіберіп, жеңіске жетті. Осылайша, жекпе-жек екінші раундта соңына жетті.
Головкин мансабында 20-сыншы рет өз титулын қорғап отыр. Ол осы көрсеткіші бойынша аңыз боксшы Бернард Хопкинспен (55-8-2, 32 КО) теңесті. Америкалық боксшы да 1995-2005 жылдар аралығында титулын қорғау үшін 20 жекпе-жек өткізген.