Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Головкин-Альварес жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуді қалаймын – Сондерс

Алайда Головкиннің командасы Альваресті таңдады. Уақыт та тығыз болды. Енді, Билли Джо Сондерс грузин боксшысына қарсы шығып, WBO титулын тағы бір рет қорғап көрмекші.

«Мен алдын ала болжам жасай алмаймын. Дегенмен, менің алдағы мақсатым – жылдың аяғына дейін GGG-мен, я болмаса, «Канеломен кездесу», – дейді Сондерс. Билли грузин Автандил Хурцидзені жеңетініне сенімді.

«Оның бұлшық еттерін алып тастайтын болса, онда таза жартылай жеңіл салмақ шыға келеді. Меніңше, америкалық бапкерлер оған бұлшық еттерін өсіріп беруге көмектесті. Олардың қандай екенін бәріміз де жақсы білеміз. Рингкте ол менің көлеңкемнің артынан жүгіріп, джебпен таяқ жейтін болады деп ойлаймын. Сосын мен өзіме артылған міндетті орындаймын. Хурцидзе қазір 37-де. Мен оны жеңе алмасам, бокстан кетуім керек. Головкин мен «Канелоны» да ұмытуға тура келеді. Үш жылдан кейін Хурцидзе 40-қа келеді. Менің жеті жасар ұлым одан жақсы бокстасады. Шын айтамын», – деді Сондерс 8 шілде күнгі жекпе-жекке арналған баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, Головкин-Альварес жекпе-жегінің жеңімпазы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен (24-0, 12 КО) кездесуі әбден мүмкін. Ол жайында ұлыбританиялық боксшының промоутері Фрэнк Уоррен де айтып отыр. GGG-дің промоутері Том Леффлердің айтуынша, Головкин соңғы белбеуді жеңіп, абсолютті чемпион атанғанды қалайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз