Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Гламур имам”. Ерке Есмаханның туған ағасы Бас муфтидің орынбасары болды

479

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайы өтті. Жиналыста ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Бас мүфти лауазымына наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың кандидатурасын ұсынды.

Құрылтайға жиналған 300 делегат Серікбай қажы Оразға дауыс беріп, бірауыздан Бас мүфти лауазымына сайлады. Ал оның орынбасары қызметіне ақтөбелік Бауыржан Есмахан тағайындалды.

Әнші Ерке Есмаханның туған ағасы Бауыржан Есмахан 1975 жылы дүниеге келген. Діни білімді Түркиядағы Ыстамбұл қаласында алған. 2008 жылы “Құқықтану” мамандығы бойынша Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдаған. Ұзақ уақыт бойы Ақтөбе облысындағы Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының өкілі болған. Ақтөбедегі үлкен мешіт – “Нұр Ғасырда” бас имам болып қызмет атқарған.

2012-2016 жылдары Ақтөбе облыстық дін істері басқармасын басқарып отырған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз