Фашистік Германияның көсемінің суреттері бар альбом аукционға шығарылды, – деп хабарлайды Қазақпарат.
Бұған дейін белгісіз болып келген Адольф Гитлердің жеке фотосуреттері бар альбом Ұлыбританияда бәссаудаға шығарылды.
– Оның құны 18 мың доллардан жоғары бағалануда, деп мәлімдеді 13 наурызда C&T Auctions аукцион үйінің кеңесшісі Тим Харпер.
Аукцион 15 наурыз күні Кент қаласында өтеді. Альбомда Гитлердің Геббельс, Геринг және Гиммлермен бірге түскен фотосуреттері бар, сонымен бірге, Гитлердің өзін күтіп тұрған бір топ халық арасынан көлікпен өтіп бара жатқаны бейнеленген.
Тим Харпер бұл жеке суреттер және оларды мұндай ракурспен тек рұқсат берілген адам ғана түсіре алған деп, есептейді.