Әлеуметтік желілерде Астанадағы дүкендердің бірінде сатушының қалай алданып қалғанын түсірген видео пайда болды.
Бұл видео Facebook желісіндегі “Астана – Что? Где? Когда?” тобында жарияланған. Оны Бағым Осмоналиева есімді қолданушы желіге салыпты.
Видеода сатып алушы әмиянынан 10 мың теңгелікті суырып алып шыққаны көрінеді, бірақ оны сатушыға бермейді. Ал сатушы 10 теңгені алдым деп ойлап, оған ұсақ ақша қайтарып береді.
https://www.youtube.com/watch?v=Kb9glMUTF0Y
“Осы дерек бойынша тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Азаматтардан ешқандай шағым түскен жоқ. Сатушылар сауда жасаған кезде есеп-айырбасында аса сақ болыңыздар”, – деді Астана қалалық ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.