Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Германияда Путин тоқтаған қонақүйге шабуыл жасалды (видео)

Әлем елдері көшбасшыларының қауіпсіздігі үшін қалаға 20 мың полицей тартылды.

Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова Facebook желісіне өртенген көліктердің видеосын жариялапты.

“Мынау бүгінгі Гамбург. Сондағы әріптестер жіберген видеоны арнайы түсірмеген. Жолда көргендері. Көшелер соғыс алаңы болып барады… “Еуропалық бұзақылар” Гамбургты түтін тұмшалаған тозаққа айналдырған. Батыс медиасы осыны қолға алса болатын еді”, – деп жазыпты ол.

БАҚ мәліметі бойынша, наразылық танытушылар Владимир Путин, Оңтүстік Корея басшысы Мун Чжэ Ин Австралия премьері Малкольм Тернбулл барған қонақүйдің күзетшілеріне шабуылдаған. АҚШ-тың бірінші ханшайымы Мелания Трамп та ресми шараға кешіккен. Өйткені қауіпсіздік қызметі қонақүйден шықпауға кеңес берген екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз