Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
15
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Германия карантинді кеш енгізді, енді экономикалық соққыға дайындалуда

187

Германияның қазіргі жағдайы қандай

— Елде жаппай психоз және үрей кезеңі басталды, — дейді Светлана. — Оларды барлық нұсқаулық пен нұсқаны жүзеге асыру арқылы жасыруға тырысады.

ARD телеарнасы сауалнамасының мәліметтері бойынша, Германия тұрғындарының 80%-ының үкімет тарапынан қабылданған коронавируспен күрес шараларына көңілі толады.

Жүріп-тұруды шектеу және басқа да шараларды ешкім құқықты шектейтін сұмдық әрекет ретінде қабылдамаған, нәтижесінде қалалар қаңырап тұр

Светлананың айтуынша,

Немістер ешнәрсеге қарамастан үкіметке сенеді. Олар халықтың әл-аухаты мен аман-саулығына нұқсан келмейді деп ұміттенеді.

Дүкендердегі сөрелердің жартылай бос тұрғанына қарамастан сенеді. Неміс экономикасы қазір коронавирус тараған Еуроодақ елдерімен тығыз байланысты екенін де назарға алмауда.

— Ал биылғы жылы  бұл індет неміс экономикасы үлкен қиындықтар алып келетіні түсінікті.

Бірнеше факті келтірейік:

  • Қытайдағы неміс фирмалары жұмыс істемей тұр,
  • туристік және бөлшек саудада салаларында тоқырау кезеңі болып жатыр,
  • елдегі көптеген фирмалар мен кәсіпорындар қазірдің өзінде өз қызметкерлерінің ақы төленбейтін демалысқа жіберді,
  • компаниялар жұмыс орындарын 50%-ға қысқартады.

Сонымен қатар, карантиндік шаралар экономиканың нақты секторындағы жеткізулерге әсер ете бастады. Мысалы, Cosco және Maersk пароходпен тасымалдау қызметтері соңғы аптада Қытайдан келетін 70 контейнерлік тасымалды тоқтатты.

Бұл дегеніміз, бүгінде Германияда дәрі-дәрмектер әкелуде кідірістер болады. Мәселен,  қалқанша безі препараттарымен немесе лейкемиямен ауыратын науқастарға арналған өмірлік маңызды дәрі-дәрмектер уақытында жеткізілмейді жеген сөз. Экономиканың түрлі саласындағы жеткізудің басқа да жолға қойылған тізбектері бұзылды. Бұл жағдайдан шығу жолын ешкім білмейді.

Карантин отбасылық қарым-қатынасқа әсер етті

— Бүгінде елде 27 мыңнан астам адамның вирусты жұқтырғаны анықталды. Барлық федералдық жерлерде мектептер, балабақшалар, кинотеатрлар, клубтар, бассейндер, шаштараздар, дәмханалар, мейрамханалар жабылған. Ата-аналар балалары мен немерелеріне қонаққа баруды тоқтатты. Балалар мен немерелер де ата-аналары мен әжелерін қонаққа жібермейді. Тек смартфон немесе скайп арқылы сөйлесіп, хал-жағдайын біліп тұрады.

Неміс дәрігерлері емделушілердің жоспарланған операцияларынан бас тартуға мәжбүр. Өміріне қауіп төндірмейтін ауруларға ота жасау мерзімін кейінге қалдырды. Терапевтер мен мамандандырылған дәрігерлер электрокардиограммалар мен басқа да зерттеулер жүргізуден бас тартып жатыр. Тіс дәрігерлерін табу мүмкін емес болып кетті.

Наурыз және сәуір айларына жоспарланған тойлар кейінгі қалдырылды, тіпті маусымдағы тойлардың болуы екіталай

Аураханалардағы дәрігерлер бұрынғы қалыпты жағдайда да тәулік бойы жұмыс істейтін еді, қазір маман тапшылығы қатты білініп жатыр. Соңғы екі жылда емдеу мекемелерінің саны айтарлықтай азайған.

Бұған дейін елдегі әрбір екінші клиника жабылған. Оған жұмыс істейтін қызметкерлердің болмауы себеп болған

Қатардағы медициналық қызметкерлердің жалақысы төмен. Еңбекке лайықты жалақыға қол жеткізу қиын.

Менің бір дәрігер досым Германияда халықтың 30%-ы вирус жұқтырса да жергілікті денсаулық сақтау жүйесі бірігіп, қарсы тұра алады дейді. Ал ондай күн алыс емес  секілді. Әрине ең дұрысы мұндай жағдай болмасын.

Мемлекеттің дағдарысқа қарсы шаралары

— Бүгінде

Германияда 360 мыңға жуық жедел экономикалық көмек көрсетуге өтініш келіп түскен. Олардың көбі шағын кәсіпорындардың арызы

Олар карантиннің кесірінен банкроттың алдында ғана тұр. Германияның Федералдық жерлері бұған 140 млн еуро бөлді. Қаражат кәсіпкерлерге тегін немесе жеңілдікті кредиттер ретінде беріледі. Бундестаг пен бундесрат жақында ГФР тарихындағы ең ірі дағдарысқа қарсы пакетті мақұлдады.

Бұл үшін ел қосымша мемлекеттік бюджетке «қол салуға» тура келді. Сонымен қатар, Германия мемлекеттік облигацияларды қор нарығына шығарып, қарыз алды.

Сарапшылардың болжамдары

Светлана Фельдедің айтуынша, неміс сарапшылары жақын арада халықтың 70%-ға жуығы ауру жұқтырады деп болжап отыр. Ал қарқынды емдеуді қажет ететін науқастардың 80%-дан астамы ауруханаларға кіре алмайды. Өлім-жітім көрсеткіші миллионнан асып кетеді. Әрине, бұл өте пессимистік сценарий.

— Бір қызығы зерттеулердің ешқайсысында ең маңызды факті назарға алынбай отыр:

егер халықтың 70%-ы індетпен ауыратын болса, олардың ішінде міндетті түрде медицианлық қызметкерлер де болады

Ал әрбір емделушінің өмірі дәрігерлердің қолында емес пе?

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз