Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Геннадий Головкин өзінің чемпиондық белбеулерін Назарбаевқа сыйға тартты

Елбасы Геннадийдің Қазақстандағы спорттың насихатталуына үлкен үлес қосып жүргенін және халықаралық дәрежеде ел атағын шығарып жүргенін баса айтты.

“Өз салмағыңда мықтысың, саған бірде-бір жеңілісі жоқ ең нокаутқа көп ұшыратын боксшы атағын берді. Бұл – үлкен жетістік және Қазақстандағы үлкен спорттың насихаты. Сенің бар күшіңді салып жатқаныңды біз бағалаймыз. Қазақстанда кездесу өткізгің келсе, біз оған да қол ұшын созуға дайынбыз”, – деп атап өтті Елбасы.

Өз кезегінде Головкин Нұрсұлтан Назарбаевқа көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғысын білдірді.

“Өзімнің тарапымнан елімнің халықаралық деңгейде атының шығуына барымды саламын. Бәрі қалыпты болып жатса, Қазақстанда да кездесу өткізу ойымда бар. Біздің халқымыз осындай таңғажайып дүниеге лайық деп ойлаймын. Осындай деңгейдегі оқиғаға куәгер болуға біздікілер де лайық”, – деді Головкин.

Сондай-ақ, боксшы Қазақстан президентіне өзінің WBC, WBA (Super), IBO және IBF нұсқалары бойынша алған чемпиондық белбеулерін сыйға тартты.

Кездесу соңында Елбасы Головкинді “Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев” төсбелгісімен марапаттады.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз