Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Гена, туған күніңмен!”. Қазақстандықтар өз батырын құттықтап жатыр

366

Қазақстанның бокс фдерациясы мен Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтады.

“Сен ең танымал боксшы атандың. Қайсарлықтың үлгісі болдың. Әлемдегі мыңдаған жанкүйерің қолдап, өзіңнен сенімділік, еңбекке құштарық секілді қасиеттеріңді үйренуде. Сенің әр жеңісің – Қазақстан спортының мақтанышы. Барлық кезде бірінші бол! Деніңе саулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңа табыс тілеймін”, – деп жазылған Қазақстанның бокс федерациясының сайтында.

Сол секілді әлеуметтік желі қолданушылары да Генаны туған күнімен құттықтап жатыр, оның ішінде отандастары да жылы лебіз көп білдіруде.

Бұған дейін Головкиннің келесі жекпе-жегі Астанада маусым айында өтеді жеп хабарланған еді. Алайда Сондерспен Головкин айқасы кейінге шегерілді. Қарсылас жақ бұған Головкиннің жарақат алуы себеп болғанын айтты. Ал, Головкиннің бапкері спортшының ауыр жарақат алғанын теріске шығарды.

Қазіргі уақытта Головкин WBC, WBA (Super), IBF және орта салмақтағы IBO титулының иегері. Оған абсолютті чемпион атану үшін Сондерстің илелігіндегідей WBO атағы ғана жетіспейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз