22 жыл бойы билікте отырған Гамбияның бұрынғы президенті Яйя Джамме жексенбі күні елден қашып кетіпті, деп жазады Интерфакс.
Ол ұшаққа мініп, Экваторлық Гвинеяға аттаныпты.
Жаңа президент Адама Бэрроудың кеңесшісі хабарлағандай, Джамме кетісімен мемлекеттік қазынада түк қалмапты.
Президент өзімен бірге 11 миллион доллардан астам ақша мен аса қымбат көліктер коллекциясын ала кетіпті.
Айта кетсек, Джамме күні кеше президенттік сайлауда жеңіліс тапқан. Бірақ тақтан кеткісі келмей, елде төтенше жағдай тәртібін енгізді. Қарымта жауап ретінде Сенегал мен Нигерия Гамбияға әскерін кіргізіп, Джаммеге ультиматум жариялады: не жеңілісіңді мойында, не соғысқа дайындал деген.