Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ғалымдар: ет жемейтін адамның өмірі қанша жылға ұзарады?

640

Аризонадағы Майо клиникасының мамандары 5,5 мен 28 жастағы 1,5 миллион адам қатысқан алты ауқымды зерттеу жұмыстарын негізге ала отырып қорытынды шығарған. Олардың арасында вегандар да, күнделікті асқа ет тұтынатындар да бар екен.

“Бұл көрсеткіштер дәлелденген зерттеулердің нәтижесін тағы да айқындай түскендей болды. Күнделікті рацион денсаулығымызға айтарлықтай әсер етеді”, – дейді Брукшилд Лоран.

Мамандар қызыл ет (сиыр, шошқа, құлын және жабайы аңдар еті) пен өңделген еттің (хот-дог, шұжық) жүрек-қан тамырлары, рак, қант диабеті сынды ауруларды асқындыратынын анықтады. Әсіресе, өңделген ет адам денсаулығы үшін қауіпті.

Аздаған ет денсаулығыма қауіпті емес деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Мамандар еттен бас тарту арқылы қан қысымының қалыпқа келіп, жоғарыдағы аурулардың алдын алуға болатынын айтады. Олар 17 жыл бойы ет жемеген адамның өмірі 3,6 жылға ұзарғанын анықтаған екен. Десе де, өміріңіз тек өзіңізге тиесілі. Оны қалай өткізетініңізді өзіңіз жақсы білесіз.

Сурет: altai.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз