Жоспар бойынша мамыр айына дейін делінеді . Ал бұл уақытқа дейін стадион әкімшілігі алаңның жасанды желегін ауыстырмақшы.
Алайда далада қалғандай болған футболшыларымыз чемпионаттағы ойындарын қайда өткізетінін білмей дал.
«Бәрінен де маусым енді басталғанда жабылғаны қызық болды. Қазір «Астана» футбол клубының ғана емес, «Оқжетпес» басшылығының да бастары қатып жүр. Олар да өздерінің алдағы үш-төрт турын осында өткізбек болған. Енді басқа алаңдарды жағалап, «тау кезіп» кетті. Көкшетаудағы «Оқжетпес» стадионы әлі дайын емес. Желегі табиғи болғандықтан жылдың бұл мезгілінде ол алаңда доп тебе алмайсың.
Щучинскідегі «Жақсы» стадионы да жақсы болмай тұр. Әйтпесе, «Оқжетпес» өз алаңындағы ойынын өткізу үшін Астанаға келер ме еді?! Дәл сондай жағдайды қазір «Астана» командасы да бастан кешіп жатыр. Рас, әзірге «Астана» футболшылары жаттығуларын «Астана-Аренада» өткізіп жүр. Стадионды жаппай қоя тұратын шығар деген үміттері де бар», – деп жазады Астана футбол федерациясының тілшісі Әзиз Жұмаділ.
Мәлім болғандай, стадион әкімшілігі алаңның жасыл желегін еурокубок ойындары басталғанша ауыстырып тастауға ниетті.
Айта кетейік, елордада футбол матчтарын өткізуге болатын «Астана-Аренадан» бөлек тағы үш стадион бар: Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадион, «Тарлан-Арена» (бұрынғы «Автомобилист» – авт) және Мичурино елдімекеніндегі оқу-жаттығу базасы. Бірақ, бұл алаңдар Премьер-лига ойындарын өткізе алар ма екен? «Астана-Арена» стадионы жабылады