Францияда сәләфи ағымына заңдық тұрғыда тыйым салу ұсынылды.
Бұл туралы Франция премьер-министрі Манюэль Вальс мәлімдеді деп хабарлайды Мuslim.kz.
«Қазіргі уақытта сәләфи ағымы заңнан тысқары қалып келеді. Бірақ бізге халыққа қауіп төндіруші діни ағым немесе секта ретінде тыйым салатын кез жетті» деді Франция үкіметінің басшысы парламент мінберінде.
– Франция мұсылмандары сәләфи ағымымен күресті бастау қажеттігін түсінуі керек. Олар бізге шынайы исламды жат ағымнан ажыратуда көмектескені жөн, – дейді Манюэль Вальс.