Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов ұйым басшысының міндетін атқару неліктен Сейілда Байшақовқа жүктелгенін түсіндірді, – деп хабарлады Сaravan.kz медиа-порталы.
Ерлан Қожағапанов
Солақ екен, кейбір БАҚ „бұл футбол федерациясы президентінің отставкаға кетуін білдіреді„ деген ақпарат таратуға асықты.
– Ешқандай отставка туралы әңгіме әңгіме қозғалып отырған жоқ, – дейді Caravan.kz медиа-порталына хабарласқан Ерлан Қожағапанов. – Мен атқару комитеті мүшелерінен өзім оқуда болатын мерзімде ҚФФ президентінің міндеттерін ҚФФ-ның вице-президенті Сейілда Икрамұлы Байшақовтың атқаруын өтіндім.
– Кейбір БАҚ сізді отставкаға кетті-мыс деген ақпарат таратты.
– Шын мәнінде, біз барлығын өзіміздің ресми сайтымызда түсіндірдік. Сейілда Икрамұлы ҚФФ президентінің міндеттерін уақытша атқарады.
– Сіздің оқуыңыз қанша уақытқа созылады?
– Жарты жылға.