Димаш биылғы туған күнін Қытай астанасы – Бейжің қаласында атап өтеді.
“Димаш Қытайда «Тосын сыйға толы туған күн кеші» тақырыбында кездесу ұйымдастырмақ ниетте. 24 мамыр күніне орайластырған бұл кездесу әншінің шетелде өткізетін алғашқы туған күні болмақ. Димаш туған күніндегі кездесуге көптеген жаңа шығармалар дайындау үстінде”, – деп жазады қытайлық сайттың бірі.
«Димаштың туған күні – тұңғыш ресми әлемдік фан-кездесу – Бейжің қаласында!», – деп жазды әншінің PR-менеджері Алпамыс Шәрімов те әлеуметтік желідегі парақшасына.
https://kaz.365info.kz/arnajy-shakhyrtyp-aldykh-dimash-frantsiyanyn-atakhty-shouynda-oner-korsetti-video-260680
Айта кетелік, Қытайдағы байқаудан тыс Димаш бірнеше коммерциялық келісімшарттарға отырып, жарнамаларда бой көрсеткен. Олар өз брендінің тұлғасы ретінде Димаштың туған күнін назардан тыс қалдырмасы белгілі. Сондықтан олар туған күнді жасап береді, тіпті сыйлықтары да әзір көрінеді. Ал өз кезегінде Димаш әнмен шашу шашары сөзсіз.
Қытайлық жанкүйерлер қазірден оған қандай сый жасалатыны туралы әлеуметік желі талқысында түрлі болжап жасап, ой түйіп жатыр. Біреулері Димашқа туған күнінде жастарға арналған спорттық Ferrari көлігі бұйыра ма десе, ал тағы бірі оған қымбат күйсандық берілетін шығар деп топшылайды.