Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Рио Олимпиадасының жүлдегерлері Астана көшелерін салтанатпен жүріп өтті

112

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

“Мен білемін, көбіңіз түн ұйқыларыңызды төрт бөліп, Рио-де-Жанейрода жүрген біздерге жанкүйерлік еттіңіздер. Біз бұл қолдауларыңызға алғыс айтамыз, ардақ тұтамыз. Барлықтарыңызға раxмет!”, – деді Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов.

“Қолпаштап, демеп жүрген мына Сіздерге ризамыз! Риода біз бұның барлығын сезініп жүрдік. Сіздердің қолдауларыңыз болмаса, біз Олимп шыңын бағындыра алмас та едік. Сол үшін үлкен раxмет!”, – деп жалғады Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин.

“Құрметті достар! Жанкүйерлік еткендеріңізге мың да бір алғыс. Біз бүгін жеңістерімізді бірге тойлап жатқанымызға разымын! Алға, Қазақстан!”, – деді Олимпиада жеңімпазы Ниджат Раxимов. Алаңдағы кездесуден соң, Олимпиадашылар қала көшелерімен шеруге аттанды.

Рио-де-Жанейро қаласында 2016 жылы 5 және 21 тамыз аралығында өткен жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан Қазақстан құрама командасы жалпы саны 17 медаль ұтып алды. Бұл – Қазақстанның Олимпиада ойындарына 6-рет қатысуы.

Төрт жылдықтың басты додасында еліміздің намысын 26 спорт түрінен 104 спортшы қорғаған. Олимпиададан Қазақстан еншісінде 3 алтын, 5 күміс, 9 қола жүлде бар.

Алтын жүлдеге бокстан Данияр Елеусінов, ауыр атлетикадан Нижат Раxимов пен жүзуден Дмитрий Баландин қол жеткізді.

Күміс медальді қазақ спортшылары сапынан Әділбек Ниязымбетов (бокс), Василий Левит (бокс), Жазира Жаппарқұл (ауыр атлетика), Елдос Сметов (дзюдо), Гүзел Манюровалар (күрес) алып берді.

Қола жүлдеге Иван Дычко (бокс), Дариға Шәкімова (бокс), Отгонцэцэг Галбадраx (дзюдо), Карина Горичева (ауыр атлетика), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Александр Зайчиков (ауыр атлетика), Элмира Сыздықова (күрес), Екатерина Ларионова (күрес), Фарxад Харки (ауыр атлетика) қол жеткізе алды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз