Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
15
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

EXPO аумағындағы апат. Министр БАҚ өкілдерін елді дүрліктірмеуге шақырды

Бұл тұрғыда ол құрылыс барысында бұндай жағдайлар болып тұратынын жеткізді. Ерлан Ыдырысов осы жағдайға шұғыл әрекет жасалғанына және ең бастысы адамдар құрбан болмағанына тоқтала келе:

«Атап айтқанда, құрылыс нысандары дер кезінде тапсырылады және ЭКСПО бойынша барлық мақсаттар орындалады», – деді.

Айта кетейік, күні кеше Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі алаңында бір ғимараттың алаңындағы көпір қақ ортасынан опырылылып түсті. ЭКСПО-ның баспасөз қызметі іле-шала апатқа BI Group компаниясының жауапты екенін мәлімдеді. Ал құрылыс компаниясының өзі құлаған конструкцияның декоративті екенін жеткізіп, тиісті сараптамадан кейін xалықты құлағдар етуге уәде етті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз