Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қырым татарларын депортациялануы жайындағы қайғылы әнді шырқаған Украина әншісі Джамала Стокгольмде өткен Eurovision музыкалық байқауында жеңіске жетті. Джамала кәсіби қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беруінің нәтижесінде, 534 ұпай жинады.
Екінші орынды Австралиядан келген өнерпаз Дами Им иеленді.
Ресейлік әнші Сергей Лазарев үшінші орынға табан тіреген.
Джамала Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қырым татарларын депортациялауға арналған «1944» әнін орындады. Бұл туынды Eurovision басталғанға дейін үлкен дауға себеп болған. Бірақ ұйымдастырушылар ән мәтінінен ешқандай саяси астар таба алмады.
Ән байқауына 26 елдің өкілі қатысқан.