Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Еуропаны Орталық Азия елдерімен байланыстыратын ең қысқа жол пайдалануға берілді

Бұлардың барлығы ел экономикасына оң әсер ететін жобалар десек артық айтпаспыз. Соның бірі Елордада өткен жалпыұлттық телекөпір барысында іске қосылған Маңғыстаудағы «Ақтау – Бейнеу» автожол жобасының «Ақтау – Шетпе» учаскесі.

Аталған учаскі еліміздің жол инфрақұрылымында аса маңызды рөлге ие. Қазақстан Еуразиядағы толыққанды логистикалық хабқа айналды

 

Логистика саласының әлеуеті артады 

Елбасыға жаңа жобаны таныстырған  ҚР ИДМ Автокөлік жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев айтуынша, «Ақтау-Шетпе» жол бөлігі «Астрахан-Атырау-Ақтау-Түрікменстан шекарасы» халықаралық транзиттік дәлізінің құрамына кіреді.

“Бұл – Ресей және Шығыс Еуропаны Орталық Азия елдерімен байланыстыратын ең қысқа жол. Жүк тасымалының көлемі жылына 3 миллион тоннаны құрап, Ақтау мен Құрық теңіз порттарының мүмкіндігін арттырады», – деді бұл орайда Мереке Пішембаев. 

Жобаның жалпы құны – 92 956 млн. теңгені құрайды. “2020-2022 жылдарға қарай жүк тасымалдау көлемі “Бейнеу-Ақтау” автожолының учаскесінде 16 200-30 700 мың тоннаны құрайды”, – дейді бұл ретте сала мамандары.

Осылайша, көліктік-логистикалық орталықтарды құру арқылы шекаралас жатқан Өзбекстан, Түркіменстан елдерімен қарым-қатынасты нығайтып, Каспий маңы аймағының дамуына, өңір экономикасының өсуіне “Ақтау-Бейнеу” автожолы ықпал етпек.

Айта кетелік, «Ақтау – Бейнеу» автожол жобасының «Ақтау – Шетпе» учаскесі Батыс елдерін Орталық Азиямен байланыстыратын ең қысқа жол болмақ. Жол халықаралық стандарт бойынша жөнделген. 

Жобаның тапсырыс берушісі ҚР ИДМ Автокөлік жолдары комитеті екенін естеріңізге сала кетелік. Жоба бойынша Ақтау-Жетібай бөлігі төрт жолақты, ортасында бөгеттері бар 1 санаттағы  жол болып табылады. Бекі, Жетібай және Шетпе елді-мекендерінен өтетін тұсын  жарықтандырырлған. Сонымен қатар, Жетібай және Шетпе ауылдары маңынан айналма жол салынған.

Ал автокөлік жолдарына эстакадалар мен орындықтар орнатылған екен. Жалпы ұзындығы 170 шақырым автокөлік жолының құрылысына Маңғыстау облысының, соның ішінде Жетібай және Мұнайшы ауылдарының тұрғындары жұмысқа тартылған. Осы жылы бөлінген  36 миллиард теңгенің  7 млрд. теңгесі аталмыш жол учаскесін жөндеуге бөлінген.  

Жол құрылысына Қазақстанда жасалған материалдар пайдаланылған 

Жоба мердігерлерінің бірі «Дженгиз Иншаат» компаниясының Ақтау қаласындағы филиал директоры  Мұрат Зейнабиловтің айтуынша,  «Ақтау – Бейнеу» автожол жобасының “Ақтау – Шетпе» учаскесінің құрылыс жұмыстарына тек қазақстандық материалдар пайдаланылған.

“Бұрындары Ресей битумын қолданатын едік, қазір отандық  «КаспиБитум» өнімдерін алып жүрміз. Көпір  конструкциялары үшін темір-бетон өнімдері Ақтөбе  мен  Алматы қалаларынан жеткізілді. Қиыршық тастар тек Шетпеден алынды”, –  дейді  Мұрат Зейнабилов.

Айта кетелік, аталған жол жобаның құрылысы 2015 жылы басталған болатын. 

Ілгеріде айтып кеткеніміздей Елбасы төрағалығымен өткен «Жаңа индустрияландыру: Қазақстан барысының серпіні» жалпыұлттық телекөпірі барысында Қазақстан бойынша жалпы саны 25 нысан іске қосылды. Өз кезегінде Елбасы аталған жобалардың іске асуына сәттілік тілеп, кәсіпорын ұжымымен тілдесті.

Жалпыұлттық телекөпір шеңберінде 25 нысанның 10 мыңға тарта жұмысшысы жаңа индустриалды серпілістің тікелей куәгері болып, шараны 18 миллион Қазақстандық тамашалады.

Сарапшылардың айтуынша Елбасы бастамасымен қолға алынған индустрияландыру жобасы еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттырып, саланы жаңа деңгейге шығарды. Қазақстан мұхитқа шыға алмаса да Еуразия құрлығында толыққанды логистикалық хабқа айналды.

Ал өндірістік көрсеткіштер тұрғысынан биылғы жыл әсіресе Маңғыстау облысы үшін жемісті жыл болды. Бұған мысал жыл басынан бері Маңғыстауда жалпы құны 1 млрд. 847 млн. теңге құрайтын 3 жоба пайдалануға беріліп, 195 жаңа жұмыс орны ашылған екен.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз