Елордада «Көшедегі пианино» креативті жобасы іске қосылды.
«Астана» ҰК АҚ әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының айтуынша, енді қаланың тұрғындары мен қонақтары сүйікті музыкалық композицияларды ашық аспан аясында орындай алады деп хабарлады “Хабар-24” телеарнасы.
«Туристерге Астанада көшесінде адамдарға ойнауға арналған пианино бар екен деп өз елдеріне айтып баратындай қала үшін қызық бірдеңе жасағым келді. Сондай-ақ жоба адамдардың санасын арттыруға, оларды мәдениет пен музыкаға жақындастыруға бағытталған. Пианистер ойнаған музыка қалаға керемет көңіл-күй сыйлайтын болады. Бұл үйлерінде пианиносы жоқ, ойнағысы келетін адамдар үшін сынақ алаңы болатын еді», – деді Бауыржан Канкин.
Қазіргі кезде жоба авторлары пианиноны екі жерге қойды:
біреуі – «Хан Шатыр» СОСО-ның жерасты өткелі, екіншісі – «Керуен» СОСО.
Бұл коммерциялық емес жоба. Оны жүзеге асыруды Бауыржан Канкин бұрыннан ойластырып жүрген. Өзі музыка мектебін тәмамдаған. Осылайша қаланы дамытуға өз үлесін қоспақ ниетте.
Оның пікірінше, осындай музыкалық атрибут тұрғындарды мейірімдірек етіп, қаланы көркейте түспек.