Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
12
USD
481
0.00
EUR
534
0.00
RUB
5.36
0.00

Еуро-2024: Испания құрамасы төртінші рет жеңіске жетті

Екінші кезең басталған сәтте испаниялық футболшылар есеп ашып кетті. Небәрі 17 жасар Ламин Ямаль әріптесі Нико Уильямске нәтижелі пас шығарып берді. Соңғысы  қақпаны дәл көздеп, өз құрамасын алға шығарды.

Ламин Ямаль құрлықтық додада өзін осылайша жақсы қырынан таныта білді. Әріптестері төрт мәрте нәтижелі пас шығарса, екі голдың авторы атанды.

Англиялық футболшылар да таразы басын теңестіруге ұмтылды. Оған испаниялық қорғаушылар лайықты тосқауыл қоя білді. Есесіне ағылшын құрамасы өз қақпасына гол жіберіп ала жаздады. Айта кету керек, Англия құрамасының капитаны Хари Кейн карьерасындағы барлық 6 финалда жеңіліс тапты. Дегенмен қақпашы Джордан Пикфорд сенімді ойын көрсете білді.

Еуро жеңісі Испанияның тарихындағы төртінші жеңісі болды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз