Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Қан-қан қып…”. Алматыда қыздарды “ұятсыз” болуға үгіттегендер қамауға алынды

133

Жанар Секербаеваны Алмалы ауданының ІІБ-сі құқық бұзғаны үшін ұстады. Сонымен қатар, шақыру қағазы тек Жанар Секербаеваға ғана емес, “Феминитаның” негізін қалаушылардың бірі Гүлзада Сержанға да берілді:

“Шақыру қағазын беріп, феминистердің олардың ауданында науқандар ұйымдастырғаны үшін профилактикалық әңгімелесуге шақырды. Мен феминистпін, бірақ ол ауданда ешқандай науқандар өткізбегенмін”, — дейді ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.

https://kaz.365info.kz/alayakh-dejdi-tanymal-anshini-astana-men-atyrau-zhyrty-sabylyp-izdep-zhatyr-video-327724

Науқан деп айтып отырғандары қыздардың Арбатта ұйымдастырған фотоссесиясы болуы мүмкін. Фотосессия қыздардың етеккір дестигматизациясы тақырыбында түсірілген. Жанар Секербаева мен Гүлзада Сержан ІІБ-ге “Феминитадағы” қызметтері, яғни лесбиянка, биосексуал, квир-әйелдермен жұмыстары үшін шақыртты деп болжауға негіз бар.

Суретте көрініп тұрғандай үш белсенді бала-шаға жүретін жерде қып-қызыл қан секілді төсенішті үстіне жапсырып, етеккірді насихаттайды.

Жанар Серкебаеваға шақырту қағазын оның көзінше жазып берген. Полицейлер Қылмыстық кодекстің 158 бабына сүйенген. Бұл баб “Қызметінен уақытша босатылу” деп аталады:

https://kaz.365info.kz/men-chajkamyn-bir-khyz-zhigitterdin-esebinen-khalaj-iship-zhejtinin-ajtty-327868

“Шақыру қағазы заңсыз берілген! Ол жерде азаматшаның қандай себеппен, не үшін ұсталғаны көрсетілмеген. Майор Елюбаев өз мүмкіндіктерін асыра тыс пайдаланып, Секербаева ханымды заңсыз тұтқындағаны үшін жазалануы керек. Жанар Серкебаева полиция қызметкерлері іске куәгерді алып келмегенше, тіс жармауға құқылы. Ол әкімшілік, қылмыстық іс бойынща бір де бір дұрыс құжат болмаған соң түсіндірме хат жазуға міндетті емес.

Майор Әкімшілік кодекстің 158-бабына сүйеніп тұр. Ол жерде азаматтар қылмыстық іс жасады деп айыпталатын, бірақ өз-өзін қорғауға құқығы бар күдіктілер немесе куәгерлер болуы мүмкін деп жазылған. Олардың түсіндірме бермеуге құқықтары бар. Бірақ куәгер ретінде әкімшілік кодекстің белгілі бір талаптары бойынша ғана түсіндірме бере алады. Ал тергеуге қылмыстық істің себебін түсіндірмей, шақырту заңсыз. Егер адам қылмыстық істі жасап тұрып, тергеуге келмесе, оны мәжбүрлеуге болады “, – дейді адам құқығының сақталуын қадағалайтын Бюро атты халықаралық ұйымның Қазақстандағы директоры Евгения Жовтис.

https://kaz.365info.kz/kyjeuim-zhokhta-tyrkistan-oblysynda-khajyn-atasy-kelinin-eki-zhyl-zorlagan-327863

ЛГБТ-ның белсенді мүшесі Амира Шайкеженованың сөзінше, Жанарды полиция қызметкерлері заңсыз тұтқындаған.

Ертең таңғы сағат 10:00-де Маркова 34 көшесінде орналасқан қалалық аудандық сотта Жанар Секербаеваның ісі қозғалатын болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз