Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
6
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

«Эскорт болдым!». Отбасылы бизнесменге “подруга” болған қыз сырын жайды

1154

Бұл жарнамалық суреттердің қала көшелеріне ілінгеніне үш аптадай уақыт болды. Сол танысым қайтадан қоңырау шалып, демалыс күні қала сыртындағы үйіне мерейтойына шақырды. Ол жерде Марат деген ересек еркекпен таныстырды. Ол қалталы, орта жастағы, шымыр денелі азамат болатын.

Кешкісін екеуміз оңаша табиғат аясында серуендеп жүріп, түрлі тақырыпта әңгіме-дүкен құрдық.

Бір кезде Марат маған бүртүрлі ұсыныс жасады. Түрлі сауық-кештерде өзінің “қызы” болуымды сұрады. Яғни, эскорт қызметі.

Қарым-қатынасымыз таза іскерлік, мен әп-әдемі болып оның жанында жай ғана жымиып жүруім қажет екен. Есесіне ол маған көмек беретінін айтты. Біраз ойланып, сол сәтте нақты жүретін жігітім жоқ болғандықтан, алда түрлі қызық кештер, жаңа таныстар, әрқилы сапарлар күтіп тұрғандықтан келісімімді бердім.
https://kaz.365info.kz/kozime-ottaj-basyldy-ajelim-sajtta-tirkelip-zhezokshe-bolyp-zhyr-eken-273962

Бәрі өте жақсы басталды

Мен түрлі іскер кездесулерде, кештерде Мараттың жанында еріп жүрдім. Ол маған қымбат киім-кешектер, әшекейлер сатып әперетін. Мен де келісім бойынша, өзім оған ешқашан хабарласып мазасын алған емеспін. Басында ешқандай төсек қатынасы болған емес.

Біршама уақыттан кейін өзара қалауымыз бойынша Түркияға барғанда қонақүйде жақындастық.

Міне, содан бері екеуіміздің қарым-қатынасымыз бұзыла бастады. Марат жұмыс барысымен емес, жай уақытта да хабарласып, кездесуді талап ететін болды. Киноға, театрға шақырады. Маған әйел ретінде қарайтын болды. Оған тек жұмыспен емес, әйел мен еркектік қарым-қатынас қажет екенін түсіне бастадым. Ал мен ешқандай махаббатқа сенбеймін, тек өмірден қанағат алып, байлыққа масаттанып жүргенді жақсы көремін.

Өткен аптада Марат Алматыға кеткен болатын. Менің қолым бос болғандықтан өзімнің бұрынғы бір танысыммен кездесуді ұйғардым. Кей кездері кафе-барда отырып, сыра, вино ішіп, түрлі тақырыптарда әңгімелесетінбіз. Осылайша түннің жарымына дейін отырып, менің үйімнен бірақ шықтық.

Таң атқанда қолында пакеті мен гүлі бар Марат тұр. Маған тосынсый жасағысы келген болуы керек, керісінше мен жасадым ау деймін…

Ол танысымды қуып жіберді де, маған төнді. Ұрады ма деп ойлап едім. Жоқ, қол көтермеді. Бірақ, өте жайсыз әңгіме болды. Келісім бойынша мен еш проблема туындатпауым керек болатын, мен оны орындадым. Ал оның да түрлі күйзелістерді ұмыттыратын қыздарының бар екенін білемін. Және бала-шағасы, отбасы да бар.

Бір сөзбен айтқанда, Марат кетіп қалды.

Міне, бір апта болды. Хабарсызбын. Қызық өзі. Оны сағына бастадым. Сонда бұл қандай қарым-қатынас болды? Бұл қандай сезім?

Әлде өмірімнің бұл парағы жабылды ма? Әлде Маратты сүйетінімді мойындағым келмей ме?

Отбасылы еркекпен қандай болашақ болуы мүмкін? Басым қатты…

https://kaz.365info.kz/ajeli-zhezokshe-259869
Аяжан Төрехан

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз