Ресей Федерациясы кеңесінің экономикалық саясат жөніндегі комитетіндегі басшылардың бірі Сергей Калашников құлаған Ту-154 ұшағын ескі-құсқы деп атап, апаттың себебін техниканың ескілігінен іздегендерге жауап қатты.
Құлаған ұшақтың ұшып жүргеніне 33 жыл болған екен.
Калашников мұны мойындағанымен, апатқа тура осы жайт себеп болуы мүмкін екенін мойындамады.
“Иә, ұшақ 33 жыл бойы пайдаланылып келген. Бұл үлкен мерзім – бірақ апат содан болды деуге болмайды. 33 жылда ұшақтың металы «шаршамайды», деді ол РИА Новости басылымына.
“Бұл ұшақта қандай да бір техникалық ақаулықтар болса да, олар ұшақтың «жасына» байланысты емес“, — деді Калашников.