Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Ескелді ауданы тұрғындарына өрт қауіпсіздігі туралы парақшалар таратылды (фото)

211

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ескелді ауданы төтенше жағдайлар басқармасы және Қарабұлақ ауылы №35 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен бірлесе отырып, тұрғын үй секторларын аралау кезінде халыққа ақпараттық парақтар таратылып, жылыту пештерінің өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді.

Сондай-ақ, «Қазпошта» АҚ аудандық пошталық байланыс торабы қызметкерлері арқылы тұрғын үй секторында «Өрт қауіпсіздігін талаптарын сақтамаған кездегі тұншықтырғышгазбен улану»,«Жылу мен қиындықтардың көзі », «Балалардың отпен ойнауынан болатын өрттің алдын алу», «Сіз электр құралдарын сөндіруді ұмытқан жоқсыз ба?», «Балаларға сіріңке ойыншық емес», «Қар басу кезіндегі ереже» сынды тақырыптағы насихат парақшалары таратылды.

Жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп тұрмыс жағдайы төмен отбасылар тұратын мекен-жайларға рейдтер жүргізілді және есепке алынған жанұялар саны – бесеу.

Рейд жүргізу барысында тұрғын үйлердегі жылыту пештердің, газ және электр құралдарының қолданылуы қаралды. Сондай-ақ, жеке тұрғын үй және пәтер иелеріне өрт қауіпсіздігі бойынша ұсыныстар мен жадынамалар таратылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз