Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
6
USD
445
+0.77
EUR
478
+2.56
RUB
4.85
+0.02

“Есіңді жи…”. Бишімбаевтың сотында шу шықты

https://kaz.365info.kz/barin-byldirgen-sol-bishimbaevtyn-ajeli-sensatsiyalykh-malimdeme-zhasady-289355

“Қойсаңшы, Қуандық. Өзіңізден батыр жасамаңыз. Батыр болғыңыз келсе мойындаңыз. Жасаған ісіңізді көтеріңіз мойныңызбен. Өзіңізбен қатар өзгелерге де қанша қиындық әкелгеніңізді айтыңыз. 

Жер басып жүрсіз ғой. Бұл ерлігіңіз ертең Алланың алдында есепке алынады. Алдағы өміріңізде де жолыңызды ашады

“, – деді қорғаушы Махамбет Ибраев.

Мұнымен тоқтаған жоқ. Тағы сөйледі. Бұл жолы одан да батырып айтты. 

“Жасаған ісіңізді мойындаңыз. Өтірік ақталудың қажеті қанша? Қателігіңізді, жаза басқаныңызды жасырмай айтсаңыз адамдар да кешіреді, түсінеді. Осылай ар-абыройыңызды сақтап қаласыз. 

https://kaz.365info.kz/ajelin-ketip-khalady-bishimbaevtyn-ata-anasy-ylyna-khandaj-khysym-zhasalganyn-zhajyp-saldy-288275

Сізді түсінбей-ақ қойдым. Өзіңізді әлі күнге дейін министрмін деп ойлайсыз ба?

Әлде сіздің сөзіңіз құдайдың сөзі ме, қалай өзі?

Есіңізді жиыңыз, сіз ешкім емессіз. Министр де емессіз. 

Осы залдағы жауапқа тартылып жатқандармен дәрежеңіз тең” – деп қойып қалды қорғаушы Махамбет Ибраев.

Айта кетелік, қорғаушы жанын сала қорғап отырған Дәурен Ибрашев зауыт салуға кеткен қыруар ақшаны қалтасына басқан деп айыпталып отыр. Ал Бишімбаевтың тағдыры тіпті тұманды. “Әйнек зауытына бөлінген қаражатты қымқыру атты былықтың басында Қуандықтың өзі тұрған” дейді тергеушілер. 

https://kaz.365info.kz/tanymal-nshi-zini-ylmys-lemini-serkesi-sary-almasty-jeli-bol-anyn-mojyndady-foto-video-233457

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз