Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Есіктегі зорлық құрбаны Жібек Мусинова: Мен өзім үшін емес, жақындарым үшін қорқамын

Мен өзім үшін қорықпаймын. Маған бәрібір, өйткені мен көресіні көріп қойдым. Бірақ жақындарым үшін қорқамын.

Сотталушылардың достары менен қалай кек алайын деп жүргенін білмедім. Олардың қолынан бәрі келеді. Маған өзімді жақсы танитын кластастарым мен достарым қолдау көрсетіп отыр. Оларға алғыстан басқа айтарым жоқ. Алайда, өкінішке қарай, қылмыстыларды да қолдаушылар аз болмай тұр. Мені алаңдататыны сол. Олар мені куәгерлердің көзінше қорқытады. Мұндай адамдардан не күтуге болады ?», – деп жазды Жібек парақшасына.

Айта кетейік, бұған дейін Жібек Мусинованың анасы әлеуметтік желі арқылы қызын бірнеше адам зорлап кеткендігі жөнінде хабарлап, халықтан араша түсуін сұраған еді. Қоғамның үлкен талқысына түскен қылмыстық істі облыстық ішкі істер департаменті өз бақылауына алды.

Қылмыстық іс сотқа да жолданды. Күдікті ретінде ұсталған төрт азамат бірнеше бап бойынша айыпталып отыр. ҚР Қылмыстық коджексінің 125-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен, ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен, ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен А.Ж.Бектұрсын, Н.Т.Елтай, ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен, 120-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен, ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен А.А. Ермеков, Е.Н.Ермековке қатысты қылмыстық іс 04.10.2016 жылы сотқа түсті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз