Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Есікте қыз зорлағандар 9 жылға сотталып тынды

255

Зорлау туралы ақпарат Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны жолдаған бейнеүндеу арқылы белгілі болды, ол бейнежазбада әйел төрт ер-азаматқа қызымды зорлады деп айып таққан. Ана бұл қылмысты әшкерелеу үшін көмек сұрады. Әйелдің қызы Жібек Мусинованы тамыз айының 13-інен 14-іне қараған түні зорлап кеткен.

Төрт жігіт қыздың туысын ұрып соғып, қызды күштеп жеңіл автокөлікке отырғызып, алып қашқан, содан соң жабылып зорлаған. Бүкіл халықтың назарына ілінген бұл істі облыстық полиция қызметі өз қарауына алған болатын.

Сотталған Ермеков Е. Н., Ермеков А. А., Елтай Н. Т. Және Бектұрсын А. Ж. жастары – 22 және 29 жас аралығында. Сот Ермеков Е. Н. 8 жылға бас бостандығынан айырды. Ермеков А. А. 9 жыл 10 айға жалпы режимді түзету колониясына қамалады.

Заттық дәлел – алтын түстес Infinity FX37 маркілі автокөлік Ермеков А. А. тиесілі, бұл көлікті жәбірленушіні ұрлауға пайдаланылған құрал ретінде мемлекет тәркілейді. Елтай Н. Т. 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз