Алматы облысында досын өлтіріп, денесін жаңадан салынып жатқан моншаның ішіне көмген күдікті ұсталды.
Алматы облыстық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Есік қаласында болған. Мерт болған 31 жастағы азамат жеке үйінің жөндеу жұмыстарына көмектесу үшін танысын шақырған.
Түнде екі достың арасында жанжал туындап, 34 жастағы жігіт танысын өлтірген. Қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында марқұмның денесін құрылысы аяқталмаған моншасының ішіне көміп, еденді бетонмен құйып тастаған. Оқиға орнынан белгісіз бағытта бой тасалаған.
«Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні Түркістан облысы аумағында қолға түсірді.
Қазіргі таңда ол Еңбекшіқазақ ауданының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,- деп мәлім етті полиция басқармасының баспасөз қызметінен.