Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Ешкімнен қорықпа!”. Елбасы Данияр Ақышевты қолдап, оған тиіскендерді жазалайтынын айтты

Жиында Елбасы соңғы кездері көп сынға ұшыраған ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қолдап, ешкімнен қорықпауға кеңес берді.

“Ұлттық банк өткен жылы өте сауатты жұмыс істеді. Қазір мен банк жұмысын заңдық тұрғыда күшейту туралы тапсырма бердім. Осындай құқық беру керек. Ұлттық банктің ісіне араласу еліміздің қаржылық жүйесі ісіне араласу деп саналып, ондайлар өз жазасын алуы керек. Мен Ұлттық банк тәртіп орнатқан сайын банк төрағасына шабуыл үдеп бара жатқанын байқап отырмын”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы Ұлттық банктің қазіргі басшысын қос қолдап қолдайтынын мәлімдеді.

“Мұны істеп отырған осы залдағы акционерлер мен демеушілер. Ешкімнен қорықпа, ешкімнен”, – деді Ұлттық банктің басшысына қарата айтқан сөзінде Назарбаев.

“Бұған газеттер, журналистер, оның қожайындары кінәлі. Тәртіпті орнатуға кедергі келтірген ол қожайындарға қатысты шара қолданылатын болады”, – деді Президент.

“Егер тағы біреу тиісіп жатса, маған аты-жөнін айт”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетелік, алдында ҚР Ұлттық банкі Данияр Ақышевтың тұтқындалуы туралы алып-қашпа сөзге қатысты құқыққорғау органына шағымданатынын мәлімдеген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз