Танымал әзілкеш, «Әзіл әлемі» театрының басшысы Тұрсынбек Қабатов шығармашылығы жайлы сөз қозғады.
Бүгінде КТА жобасын экранға алып шыққан Тұрсынбектің айтуынша, ол бұл жобадан еш пайда көрмейді. Тек жас буынға жолашар болсын деген ниеті бар. Бұл жайлы The Эфир бағдарламасында айтылды деп жазады stan.kz.
Сол кездегідей болмасын деп, қазіргі жастардың жағдайын жасағым келді. Есен Елеукеннің жұмысын тартып алды дейтіндер де бар.
Мен Есен Елеукеннің дайын өнімін бағдарлама қылып шығарып отырмын. Оны мойындау керек. Жайдарманды құрған Есен Елеукен.
Жайдарман болмаса, КТА да болмас еді. Ол кісі маған ренжитін де шығар. Бірақ көрген жерде сәлеміміз түзу.
Бәсекелестік жетістікке жеткізеді деген. КТА шыққалы бері Жайдарманның да сапасы жақсара бастады. Баяғыдағы Жайдармен мен қазіргі Жайдарманды салыстыру келмейді», – дейді Тұрсынбек.
Тұрсынбек өзінің кезінде орысша әзілдерді түсінбегенін, тек жаттап алып айтып беретінін айтты.
«Мен орысша әзілдерді түсінбейтінмін. Жазып бергендерін оқып жүрдім. Маған жаттатып, сосын не туралы екенін түсіндіретін.
Сөйтіп жүріп өзіміз әзіл жазатын күнге жеттік. Мен негізі өзіме ризамын. Бізде Қазақстанда монолог оқудан театр болмаған.
Осы бағытта театр ашып, бір ізге түсіргенім үшін өзіме ризамын. Театрда 20 шақты адам жұмыс істейді», – дейді ол.