Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Ерні көгеріп жатты”. Жаңа туған сәбиді өлтіріп алған дәрігерлер кінәсін мойындамауда (видео)

155

Айтуларынша, келіншектің өзі о баста ауру боп келген. Десе де, бұл жөнінде тексеріс басталмай жатып аталмыш перзентханада тағы бір нәресте өлімі тіркелді. Үшемнің бірі алдыңғы сәби секілді вакуумда жатып көз жұмған.

Нәрестелер бірінен соң бірі шетінеген Қаскелең ауруханасындағы статистика да кісі шошырлық. Былтырдан бері шетінеген бала саны 30-ға жуықтаған.

Үшем сүйген Айгүл екі баланы ғана құшақтап қалды. Келіншек үшеуіне де есім беріп үлгерген екен. Бірақ біреуін ол сол күйі бауырына баса алмады.

“Еріндері көгеріп жатты дірілдеп. Мен ойладым жаурап қалды деп. Әлде әдейі ашып тастап кетті ме екен? Мен соны білгім келеді. Мен кімнің ашқанын білгім келеді”, – дейді  Қаскелең кентінің тұрғыны Айгүл Ысқақова.

Айгүлдің сәбиі вакуумда жатыпты. Туған анасының өзі де тиісуге болмайтын аппарат, белгісіз себеппен сол күні ашық қалған. Ал егізінен айырылып етегі жасқа толған әйелге ақ халаттылар өкпесі дамымаған деген жауап қайырған.

Бірақ бұған дейін де 7 мәрте босанған батыр ана бұл жолы да аман-есен туғанын айтады. Ал басын ауыртқысы келмеген бас дәрігер қалған егіздердің амандығын алға тартып, вакуумның қалайша ашық қалғанын айта алмады.

Бас дәрігер тіпті сыртқа шыққан соң, аяқасты келіншектің кедейлігін бетке басып, жерден алып, жерге салды.

“12 жыл осы отбасы Алматы қаласында жалдамалы үйде тұрды. 3 жылдан бері біздің Қарасай ауданына келген”, – деді Қарасай аудандық орталық ауруханасының директоры Сәуле Сауранбаева.

Бірақ бас дәрігердің айтқанымен шетінеген баланың ата-анасы келіскен жоқ.

Жаңа туған сәбилерді өлтіріп алды деген аурухананың 6 бірдей қызметкері жұмыстан шеттетілді. Ал нәрсетелердің өлімі бойынша арнайы комиссия құрылған. Оған қоса сот сараптамасы да бүге-шүгесіне дейін жүргізіліп жатыр.

Сорақысы сол, бұл Қаскелең ауруханасында шетінеген бала жетіп артылады екен. Тек былтырдан бері 27 сәби өлген. Ал облыс бойынша шетінегендер саны – 372.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз