Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ернар Айдар лотереяға уақытша жалға алған джиптер мен пәтерді ойнатқан

488

Қазақстандық әнші Ернар Айдар алаяқтар тобымен бірігіп, әлеуметтік желілерде жеңілмейтін лотерея өткізген, бірақ белгілі болғандай бұл лотереядан ешкім ұтпаған. Бұл туралы Экономикалық тергеулер департаменті хабарлайды дейді Qazweek.kz,  Almaty.tv сайтына сілтеме беріп.

Ведомстваның баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, ұсталғандар әлеуметтік желілерде жалған лотерея өткізіп, төрт автокөлік (екі седан мен екі джип), Алматыдағы бір пәтерді және тұрмыстық техника ойнатқан.

«Шын мәнісінде лотерея ұйымдастырушыларды мұндай сыйлықтар болмаған. Көзбояушылық және қатысушыларды сендіру үшін олар жеке адамдардан төрт автокөлікті жалға алаған. Интернет кеңістікте жарнама жасау арқылы құны 9 900 теңге болатын 20 мың билет ойнатқан. Кездейсоқ нөмерлерді анықтайтын қосымшаға алдын ала жеңімпаз билеттердің нөмерлері енгізіліп қойған», — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда ұсталғандарға қатысты «Алдын ала келісім бойынша жасалған топтық алаяқтық» 190 қылмыстық баппен сот алды тергеу ісі басталды.

Бұған дейін Ернар Айдар мен тағы 12 адамның тікелей эфирде ұтыс ойынын өткізіп жатқан жерінен ұсталғаны белгілі болған еді. Полиция қызметкерлері оларды елдегі төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз